Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
Қарағанды облысында «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында 300 миллион теңге қолды болған. Қазір осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпорынға 300 миллион теңге несие берілген. Қаражат көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жұмсалуы тиіс еді. Оның 148 миллион теңгеге жуығы тұқым сатып алуға, ал 152 миллион теңгесі ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, жанармай мен еңбекақы шығындарына бағытталған. Алайда құжаттарда көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмеген. Осы іске байланысты кәсіпорын басшысы күдікті деп танылды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Іс жүзінде тұқым сатып алынбағаны, техника жалға алынбағаны және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталды. «Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылды. Соттың санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42