Басты Жаңалықтар Қазақстан Армения құрамасына есе жіберді (Толық нұсқа)

Қазақстан Армения құрамасына есе жіберді (Толық нұсқа)

Футболдан Қазақстан құрама командасы 2018 жылы Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Е тобындағы бесінші кездесуін Армения құрамасымен өткізді.

Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өткен матчтың алғашқы таймында есеп ашылмады.

Ал, екінші таймда матчтың 73-ші минутында Армения құрамасының капитаны Генрих Мхитарян есеп ашты. Бірінші голдың ізін ала екіншісін қарсылас командадағы Араз Озбилис ойынның 75-ші минутында-ақ салып үлгерді.

Осылайша, бұл - Қазақстан құрамасының 5 тур бойынша үшінші сәтсіздігі. Команда қоржынында 2 ұпай, ал, топта ең соңғы алтыншы орынға жайғасқан.

Өз кезегінде армениялықтар екінші жеңісіне жетіп, төртінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, Армения-Қазақстан құрамалары арасындағы матчты  «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.

Бөлісу