«Барселона»  «Эспаньолдың» тас-талқанын шығарды - 4:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

 «Барселона»  «Эспаньолдың» тас-талқанын шығарды - 4:1

19.12.2016
 «Барселона»  «Эспаньолдың» тас-талқанын шығарды - 4:1

Футболдан Испания чемпионатының 16-туры аясында «Барселона» өз алаңында  «Эспаньолды» қабылдаған болатын. Каталониялық дербиде 4:1 есебімен «Барселона» жеңіске жетті.

Бірінші таймда екі команда да белсенді өнер көрсеткенімен, алаң иелерінің басымдылығы айқын көрініп тұрды.

Матчтағы алғашқы голды каталониялық грандтың капитаны Андрес Иньестаның керемет пасынан кейін қақпашымен бірге-бір шыққан Луис Суарес салды - 1:0.

Екінші таймда «Барселона» толық басымдылыққа ие болған «Эспаньол» қақпасына 3 гол салып, бір голды өз қақпасына өткізіп алды.

Кездесудің 68-ші минутында Луис Суарес дубль авторы  атанса, бір минуттан кейін Жорди Альба есепті 3:0-ге жеткізді.

«Эспаньол» ойыншылары да өз мүмкіндіктерінің бірін сәтті пайдаланып, Давид Лопес есеп айырмасын қысқартты - 3:1.

90-шы минуттарда «Барселонаның» басты жұлдызы Лионель Месси матчтағы соңғы голдың авторы атанды - 4:1.

Естеріңізге сала кетейік, «Барселона» - «Эспаньол» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы

«Барселона» - «Эспаньол» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу