«Атлетико Мадрид» «Эспаньолды» тізе бүктірте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атлетико Мадрид» «Эспаньолды» тізе бүктірте алмады

04.12.2016
«Атлетико Мадрид» «Эспаньолды» тізе бүктірте алмады

Бүгін футболдан Испания чемпионатының 14-ші туры аясында мадридтік «Атлетико» өз алаңында Барселонадан келген «Эспаньолды» қабылдады. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Екі команда 2 тайм ішінде бір-біріне гол сала алмады. Негізінен қауіпті сәттер аз болды. «Атлетико» бірінші номермен ойнап, қарсылас команда қарымта шабуылмен оған төтеп берді. Кездесудің негізгі қаһармандары - екі клубтың қақпашылары Диего Лопес (Эспаньол) пен Ян Облак (Атлетико). Олар қақпаларын төнген қауіпті шеберліктерінің арқасында қайтарып, ойынды бірде-бір гол өткізбей аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, «Атлетико Мадрид» - «Эспаньол»  кездесуін көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

«Атлетико Мадрид» - «Эспаньол» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу