Ла Лиганың 15-ші турының матчтарын «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ла Лиганың 15-ші турының матчтарын «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар

07.12.2016
Ла Лиганың 15-ші турының матчтарын «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар

9-12 желтоқсанда футболдан Испания чемпионатының 15-ші туры өтеді.  «Kazsport» телеарнасы Ла Лиганың 4 кездесуін  тікелей эфирде көрсетеді:

10 желтоқсан, 17:50. «Осасуна» - «Барселона»

Желтоқсанның 10-ынан 11-іне ауған түні, 01:35. «Реал Мадрид» - «Депортиво»

11 желтоқсан, 21:05. «Сельта» - «Севилья»

Желтоқсанның 12-інен 13-іне ауған түні, 01:40. «Вильярреал» - «Атлетико»

14 турдан кейін біріншілікте «Реал Мадрид» 34 ұпаймен көш басында. Екінші орында каталониялық «Барселона», олар «Реалдан» 6 ұпай артта. Ал, үшінші сатыда 14-ші турда көш соңындағы «Гранададан» жеңіліс тапқан андалусиялық «Севилья» тұр. Хорхе Сампаоли шәкірттері 1 ұпай алда келе жатқан каталониялықтарды басып озуға ниетті. Диего Симеоне жаттықтыратын мадридтік «Атлетико» жігіттері 25 ұпайға ие болып, УЕФА Чемпиондар лигасына шығатын біріншіліктегі алғашқы төрттікті аяқтап тұр.

Матчтарды kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. Егер кездесулерді өткізіп алсаңыздар матчтардың видеошолуларын дәл осы сайттан тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу