Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы өз алаңында «Атлетико Мадрид» командасын қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы өз алаңында «Атлетико Мадрид» командасын қабылдайды

03.11.2015
Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы өз алаңында «Атлетико Мадрид» командасын қабылдайды

Чемпиондар Лигасының «С» тобында ойнап жатқан елордалық «Астана» футбол клубы бүгін өз алаңында испанияның «Атлетико Мадрид» клубын қабылдайды. Сырт алаңда өткен алғашқы ойында «Астана» клубы испаниялық командадан 4:0 есебімен жеңілген.

3-турдан кейін «Астана» клубы 1 ұпаймен 4-орында келеді. Ал, «Атлетико Мадрид» 6 ұпаймен бірінші орында.

Еске сала кетейік, «Астана Арена» стадионында өтетін матч Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу