«Севилья» сырт алаңда камбэк жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Севилья» сырт алаңда камбэк жасады

19.11.2016
«Севилья» сырт алаңда камбэк жасады

Бүгін футболдан Испания чемпионатының 12-ші туры аясында ла-коруньялық «Депортиво» өз алаңында андалусиялық «Севилья» футбол клубын қабылдап, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу тартысты басталды. Алаң иелері бірден шабуылдай бастады, нәтижесінде, 1-ші минутта «Депортиво» сапында өнер көрсететін Райан Бабель Хуанфранның сол қапталдан көтерген добын басымен қарсылас қақпасының бұрышына бағыттап, өз командасын алға шығарды- 1:0. 

Ал, бірінші таймның соңына қарай қарсыластар гол алмасты. Райан Бабель шабуылдың оң қапталына ұмтылған Флорин Андониге пас берді. Андони бірнеше қарсыласты өтіп барып, қақпаға дәл соққы бағыттады - 2:0.

2 минуттан кейін «Севилья» футбол клубының  ойыншысы Стивен Нзонзи сол қапталдан келген пасты сәтті қолданып, есептегі айырманы қысқартты - 2:1.

Екінші таймда қонақтар басымдылыққа ие болса да, кездесу соңына дейін есепті өзгерте алмады. Алаң иелері қарымта шабуылдаумен болды. Ойынның 87-ші минутында қарсылас команда қорғаушыларының арасынан сытылып шыққан «Севильяның» 20-ші нөмірлі футболшысы Витоло қақпашымен жалғыз өзі қалып, айласын асырып кетті - 2:2.

Төреші қосқан аз ғана минуттың ішінде бұрыштамадан кейін «Депортиво» қақпашысының қайтарған добына бірінші жеткен Габриэль Меркадо өз командасын алға шығарды - 2:3.

Осылайша «Севилья» сырт алаңда камбэк жасады.

Хабарламаларға жазылу