«Севилья» «Сельтаны» Висенте Иборраның хет-тригі арқасында жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Севилья» «Сельтаны» Висенте Иборраның хет-тригі арқасында жеңді

12.12.2016
«Севилья» «Сельтаны» Висенте Иборраның хет-тригі арқасында жеңді

Футболдан Испания чемпионатының 15-туры аясында андалусиялық «Севилья» сырт алаңда галисиялық «Сельта» клубына қарсы кездесу өткізіп,  0:3 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда екі команданың есепті ашуына куә бола алмадық. Бірақ, ойынның бірінші жартысы тартысты өтті.

Екінші таймда көптен күткен бірінші голды қонақтар салды. 51-ші минутта Пабло Сарабияныңбұрыштамадан көтерген добын «Севильяның» ойыншысы  Висенте Иборра басымен дәл қақпаға бағыттап, командасын алға шығарды – 0:1.

84-ші минутта Иборра «Сельтаның»  орталық қорғаушыларының қателігін пайдаланып, есепті еселей түсті - 0:2.

Матчтың соңғы минутында Кабраль  Корреаны өз айып алаңында шалып жығып, төреші 11-метрлік айыпдобын белгілейді. Ал, Висенте Иборра пенальтиді дәл орындап, кездесудегі хет-трик авторы атанды - 0:3.

Естеріңізге сала кетейік, «Сельта» - «Севилья» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы

«Сельта» - «Севилья» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу