«Kazsport» телеарнасы «Сельта» - «Севилья» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Сельта» - «Севилья» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

11.12.2016
«Kazsport» телеарнасы «Сельта» - «Севилья» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін - 11 желтоқсан күні Ла Лиганың 15 тур аясында андалусиялық «Севилья» сырт алаңда галисиялық «Сельта» клубына қарсы кездесу өткізеді. Матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

«Сельта» осы маусымда өте жақсы өнер көрсетуде. Дәл қазір 21 ұпаймен 9 орынға тұрақтаған. Виголықтар соңғы 5 кездесуде жеңілмей келеді: 3 жеңіс пен 2 тең ойын.

Хорхе Сампаоли жаттықтыратын «Севилья» ойыншылары маусымдағы 14 турда тамаша өнер көрсетті. 27 ұпайды иеленген андалусиялықтар «Реал» мен «Барселонаның» артынан қуып келуде.  Соңғы турда Хорхе Сампаоли шәкірттері чемпионаттағы аутсайдерлердің бірі «Гранадаға» есе жіберген болатын.

Командалар арасындағы соңғы кездесу Виго қаласында өтіп, «Сельта» мен «Севилья» 1:1 есебімен тең түскен.

Естеріңізге сала кетейік, «Сельта» - «Севилья» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 21:05-те. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу