«Атлетико» - «Реал» кездесуін «Kazsport» телеарнасынан тамашалаңыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атлетико» - «Реал» кездесуін «Kazsport» телеарнасынан тамашалаңыздар

17.11.2016
«Атлетико» - «Реал» кездесуін «Kazsport» телеарнасынан тамашалаңыздар

19 қарашада Диего Симеоне қарамағындағы мадридтік «Атлетико» Зинедин Зидан жаттықтыратын «Реалмен» кездеседі. 12-ші тур аясындағы матч «Атлетиконың» «Висенте Кальдерон» стадионында өтеді. Бұл матчты  «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Өзара 167 рет кездескен мадридтік ұжымдардың ойындарында 89 рет «Корольдік клуб» басым түссе, 41 рет «Атлетико» жеңіске жетіп, 37 матчта тең есеп тіркелген.

Бұл екі футбол алыптарының арасындағы соңғы кездесу - Миланда өткен 2016 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы. Естеріңізде болса, финалда «Реал» матч соңындағы пенальти арқылы жеңіске жеткен еді. Бірақ, мадридтік «Атлетико» соңғы рет өз алаңында «Реалға» 2013 жылдың сәуірінде жол берген болатын. 

Осы маусымда  Ла лигада бірде-бір испаниялық командадан жеңіліп көрмеген «Корольдік клуб» 8 жеңіс пен 3 тең ойынға қол жеткізіп, турнир кестесінде көш бастап келеді. Ал, дербидегі қарсыласы 21 ұпаймен 4-ші орында келуде.

«Kazsport» телеарнасынан  екі мадридтік команда арасындағы дербиді өткізіп алмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу