«Осасуна» - «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Осасуна» - «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар!

27.11.2016
«Осасуна» - «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар!

27 қараша күні футболдан Испания чемпионатының 13-ші туры аясында мадридтік «Атлетико» памплоналық «Осасуна» клубына қонаққа барады. Кездесуді  «Kazsport» телеарнасы  тікелей эфирде көрсетеді.

«Осасуна» - осы маусымдағы аутсайдер командалардың бірі. Лиганың 12 турынан кейін 7 ұпай еншілеп, көш соңындағы 19-орында тұр. Памплоналықтар осы маусымда өз алаңында әлі бірде-бір рет жеңіс дәмін татып көрмеді.

Ал, Диего Симеоне бастаған «Атлетико» - фаворит, чемпиондыққа үміткерлердің бірі. Бірақ, мадридтік ұжым 21 ұпайымен 6-орында келе жатыр. «Атлетико» соңғы төрт ойынның үшеуінде жеңіліс тапты - «Севилья» (0:1), «Реал Сосьедад» (0:2) және «Реал Мадрид» (0:3).

Екі ұжым соңғы рет 2014 жылдың 23 ақпанында «Осасунаның» стадионында кездесіп, памплоналықтар Диего Симеоненің шәкірттерін 3:0 есебімен жеңген болатын. Бұл «Атлетиконың» чемпиондық маусымында болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, «Осасуна» - «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 21:15-те. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу