«Реал Мадрид» - «Спортинг Хихон» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан тамашалаңыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Реал Мадрид» - «Спортинг Хихон» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан тамашалаңыздар

26.11.2016
«Реал Мадрид» - «Спортинг Хихон» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан тамашалаңыздар

26 қараша күні Испанияның футбол біріншілігінде көш бастап келе жатқан «Реал»  маусым аутсайдерлерінің бірі «Спортинг Хихон» клубымен кездеседі. Матч корольдік клубтың «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді, және ойынды тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасы көрсетеді.

12 турдан кейін «Реал» 30 ұпаймен көш бастап тұр. Негізгі қарсыласы каталондық «Барселона» 4 ұпайға қалуда. Ал, хихондық «Спортинг» 9 ұпайымен 18-орынға ие.

Бұл екі ұжым арасындағы соңғы кездесу «Сантьяго Бернабеуде» өтіп, 5:1 есебімен корольдік клубтың пайдасына аяқталған болатын.

13-ші турдың бұл матчында «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Чемпиондар лигасындағы лиссабондық «Спортинг» клубына қарсы өткізген кездесуден кейін негізгі құрамның кейбір футболшыларына демалыс беруі мүмкін. Алаңға жас футболшыларды шығарып, олардың шеберлігін сынап көрмек.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал Мадрид» - «Спортинг Хихон» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 21:10-да. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу