«БИІК-Қазығұрт» ФК әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«БИІК-Қазығұрт» ФК әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

13.10.2016
«БИІК-Қазығұрт» ФК әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалының қарымта ойынында шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» ФК италиялық «Веронамен» сырт алаңда тең түсті — 1:1.

Қазақстандық футболшылар алғашқы минуттардан бастап қарсылас команда қақпасына қауіп төндірді. Мұның бәрі бірінші тайм соңында Гүлнәр Габелияның есепті ашуымен аяқталды. Ал, ойынның екінші жартысында қарсылас команда  Мелания Габбьядинидің пенальтиден соққан голының арқасында есепті теңестірді.

Осылайша, Шымкентте өткен ойында 3:1 және сырт алаңдағы 1:1 есептерінің арқасында қазақстандық клуб келесі кезеңге өтті. УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарсыласы 17-ші қазанда Ньон қаласында өтетін жеребеде анықталады.

«Верона» (Верона, Италия) — «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент, Қазақстан) 1:1
Бірінші кездесу: 
1:3
Голдар: Габелия 40 (0:1), Габбьядини пенальтиден 58 (1:1)
Ескертулер: Долстра 29, Ди Кришо 81 — Мессомо 31, Габелия 80
«Верона»: Тальманн, Долстра (Боаттин 64), Галли, Карро, Ди Кришо, Габбьядини, Джулиано, Пьемонте (Уильямс 54), Никеле, Брейненберг (Пазини 54), Роделла
«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Мессомо (Бабшук 90+2), Габелия, Роузборо, Нганди, Машкова, Эшер, Мясникова, Ихезуо, Адуле, Кравец.

Хабарламаларға жазылу