Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Польша ойыншыларымен тең түсті (ВИДЕО)
4 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін Польша құрамасымен (Е тобы) өткізді.
Бірінші таймда қарсылас құраманың ойыншысы Бартош Капустка мен капитан Роберт Левандовски (35`, пенальти) көзге түсті.
Екінші таймда Қазақстан құрамасы ширақ қимылдап, поляктардың қақпасына екі гол соқты. Ойынның 51-минутында Сергей Хижниченко алғашқы голды соқса, 58-минутта дубль жасап, есепті теңестірді (2:2).
Ұлттық құрама келесі матчын сырт алаңда Черногория құрамасымен өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Польша кездесуін «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07