Португалия құрамасы өз тарихында тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалия құрамасы өз тарихында тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионы атанды

11.07.2016
Португалия құрамасы өз тарихында тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионы атанды

Еуропа чемпионатының финал кезеңіндегі Португалия мен Франция құрамаларының арасындағы соңғы ойын аяқталды.

Бұл ойында Португалия құрамасы Францияны 1:0 есебімен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионы атанды. Айта кетейік, ойынның негізгі екі таймында қақпаға ғол соғылмады.

Қосымша экстра таймның екінші бөлігінде Португалия құрамасының футболшысы Эдер гол салып, құрамасына Еуропа чемпионы деген атақ алып берді.

Португалия бұған дейін Еуропа чемпионы атанбаған. 2004 жылы өз елдерінде өткен чемпионаттың финалында Грекиядан жеңіліп, күміс жүлдегер атанған болатын.

Хабарламаларға жазылу