Qatar-2022: Ширек финалға шыққан 8 команда анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qatar-2022: Ширек финалға шыққан 8 команда анықталды

07.12.2022

Қатар елінде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңі аяқталды. Ширек финалға шыққан 8 команданың қарсыластары да белгілі.

Алғашқы минуттардан қос команда ойынды ширақ бастады. Алма кезек бірнеше шабуыл жасағанымен, таблодағы есеп өзгермеді. Екінші таймда Испания құрамасы допқа көп иелік етіп, есеп ашатын бірнеше мүмкіндікке ие болды, алайда Марокко ойыншылары қорғаныста керемет өнер көрсетті.

Негізігі уақытта жеңімпаз анықталмады. Ойын соңындағы пенальтиде испаниялық үш ойыншы бірінен соң бірі Яссин Буну қақпасына гол соға алмады. Нәтижесінде Марокко құрамасы өз тарихында бірінші рет ӘЧ ширек финалына жолдама алды.

Португалия мен Швейцария кездесуінде 7 гол соғылды. Бірінші таймда Гонсалу Рамуш пен Пепе бір-бір голдан соғып, есепті 2:0-ге өзгертті. Ал ойынның екінші бөлігінде Португалиялық футболшылардың соққан үш голына Мурат Якин шәкірттері тек бір голмен жауап қайтарды.

Бұл ойында 21 жастағы Гонсалу Рамуш үш гол соқты, сондай-ақ ол биылғы ӘЧ хет-трик жасаған бірінші ойыншы атанды. Қорытынды есеп 6-1, жеңіс Португалия құрамасының еншісінде. Ширек финалда Криштиану Роналдудың командасы Испанияны жарыс жолынан шығарып тастаған Марокко құрамасымен кездеседі.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу