Еуро-2016. Франция құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Франция құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты

26.06.2016
Еуро-2016. Франция құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Франция пен Ирландия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.

Бұл ойында Франция құрамасы Ирландияны 2:1 есебімен ұтты. Төреші ысқырығы естілгеннен-ақ Ирландия құрамасы шабуылға кірісіп, 2-ші минутта жылдам гол соқты. Гол авторы – Робби Брэйди.

Ал, матчтың екінші таймын алаң иелері шабуылмен бастады. Нәтижесінде, ойынның 57-ші және 61-ші минутында Франция құрамасының ойыншысы Антуан Гризманн гол салып, құрамасына маңызды жеңіс сыйлады.

Франция – Ирландия 2:1

Гол: 0:1 – 2, пенальти Брэйди, 1:1 – 57 Гризманн, 2:1 – 61 Гризманн.

Франция – Льорис, Рами, Эвра, Санья, Косьельни, Матюиди, Канте (Коман, 46, Сиссоко, 90), Пайет, Погба, Гризманн, Жиру (Жиньяк, 74).

Ирландия – Рэндолф, Кио, Уорд, Коулмэн, Даффи, Брэйди, Маккарти (Хулахан, 72), Хендрик, Макклейн (О′Ши, 69), Лонг, Мерфи (Уолтерс, 65).

Ескерту: Коулмэн (25), Канте (27), Хендрик (41), Рами (44), Лонг (75).

Қызыл қағаз: Даффи (66).

Хабарламаларға жазылу