Еуро-2016. Португалия құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Португалия құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты

26.06.2016
Еуро-2016. Португалия құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Португалия мен Хорватия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.

Бұл ойында Португалия құрамасы Хорватияны 1:0 есебімен ұтты. Ойынның негізгі екі таймында құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен, қақпаға гол соғылмады.

Ал, матч соңындағы қосымша 15 минуттық экстра-таймның екінші бөлігінде Португалия құрамасының футболшысы Рикарду Куарежма гол салып, құрамасына маңызды жеңіс сыйлады.

Хорватия – Португалия 0:1

Гол: 0:1 – 117 Куарежма.

Хорватия – Субашич, Чорлука, Стринич, Срна, Вида, Модрич, Бадель, Ракитич (Пьяца, 110), Брозович, Перишич, Манджукич (Калинич, 88).

Португалия – Руй Патрисиу, Пепе, Геррейру, Соареш, Фонте, Вильям Карвалью, Адриен Силва (Данилу Перейра, 108), Нани, Жоау Мариу (Куарежма, 87), Андре Гомеш (Саншеш, 50), Роналду.

Хабарламаларға жазылу