Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары Астананы 20 жылдығымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары Астананы 20 жылдығымен құттықтады

05.07.2018

Олардың айтуынша, Еуразияның жүрегіне айналған Астана бүгінде шетелдіктердің тарапынан зор қызығушылық тудырады. 20 жылда танымастай өзгерген бас шаһар алып елдердің астаналарымен иық тіресе алады.

Сергей Неверов, РФ Мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары:

- Астана – Қазақстан Президентінің идеясы. Аз уақытта осындай 1 миллионнан астам тұрғыны бар, әдемі, заманауи қала салу тарихта болмаған шығар. Архитектурасы ерекше. Зәулім ғимараттарға қарап сүйсінесің. Бұл - Нұрсұлтан Әбішұлының қажырлы еңбегінің жемісі.

Валентина Терешкова, РФ Мемлекеттік думасының депутаты:

- Қаланың салынуы, еңселі елорданың бой көтеруі, әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Мен ол кісіні шын жүректен құттықтаймын, сарабдал саясаткер бүгінде жаһан жұртының алдында үлкен абыройға ие, біздің мемлекетте де өте сыйлы. Ал, Астана қазір өте сұлу қалаға айналды, қарасаң, көз тоймайды.

Ирина Роднина, РФ Мемлекеттік думасының депутаты:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына қамқорлығы көрініп тұр. Барлық салада ілгерілеу бар. Ол кісінің еңбегі құрметке лайық. Міне, Астананы көріп тұрмыз, таңданыспен қарадық. Осындай керемет қаланы аз уақытта салудың өзі мүмкін емес сияқты. Ғажап қала.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу