Жамбыл облысында «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы басталды

27.06.2018

Қазақ мемлекетінің бас қаласы, Алаш жұртының асқақ Астанасына - 20 жыл. Елдік пен теңдік тұғырындай елорда мерейтойына орай  Жамбыл облысында «20 жылдыққа – 20 нысан» атты акция бастау алды. Акция барысында облыс аудандары мен Тараз қаласы бойынша бірнеше балабақша, тұрғын үй мен спорт, медицина нысандары ел игілігіне тапсырылмақ. Алғашқылардың қатарында Қордай ауданы тұрғындары қуанышқа кенелді. 

Елорда төріндегі тойдың дүбірі Қордай өңірін ерекше думанға бөледі. Өйткені, пайдалануға берілетін 20 су жаңа нысанның жетеуі осы ауданға тиесілі. Ал, алғашқы 4 нысан күн санап көркейіп келе жатқан Әлжан ана ауылында ашылды. Солардың бірі - тарихи-өлкетану музейі. Құны 267 млн. теңге. Жинақталған 50-ге жуық экспонаттың басым бөлігі әйел образын айшықтапты.  Елбасы мен оның анасына қатысты естеліктерді де кездестіруге болады. Сондай құнды жәдігердің бірін тапсырған тұрғынның бірі Тұрғанбек Тұрысбаев.

Тұрғанбек Тұрысбаев ауыл тұрғыны:

Бұл елді мекеннің медициналық пункті де тым ескі болған. Бұған дейін басы ауырып, балтыры сыздағандар аудан орталығына сабылып, ем іздеуге мәжбүр еді. Бүгін міне, көптің тілегі қабыл болып, 20 орындық амбулатория  пайдалануға берілді.  Мекеме озық заманауи үлгіде. 

Әсел Масақбаева, дәрігер:

Елорда мерейтойынан балаларға да базарлық бар. 9 млн. теңгеге салынған  спорт алаңы ауыл азаматы Бақытжан Мырзамұратовтың туған жерге тартуы. 

Ал, «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруасын ширатқан өндірістік кооператив  Әлжан ана ауылының әлеуетін арттыруға сеп болмақ. Өткен жылы 35 ұсақ шаруашылық бірігіп, ет бағытында кооператив құрса, биыл мүмкіндігі кеңейіп жаңа сүт қабылдау бекетін ашып отыр. Тәулігіне 4 тонна ағарған  қабылдауға қауқарлы.  Бұл Астана тойына орай аймақта ашылған нысандардың алғашқылары ғана. Алдағы 3 күн ішінде тағы 14 нысан ел игілігіне тапсырылады. Олардың қатарында бірнеше балабақша, спорттық нысандар мен өндіріс орындары бар.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу