«Таңшолпан». Қазақ телевизиясының ардагері - Табыл Құлыясов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қазақ телевизиясының ардагері - Табыл Құлыясов

19.02.2018

Қазақ телевизиясының ардагерлерінің бірі Табыл Құлыясов 1935 жылы Ақтөбе облысында туған. Ол 1978 жылы ҚазМҰУ-ды бітіріп, 1950 жылдан бастап газеттерде мақала, өлеңдер жазып тұрды.

1957 жылдан бастап аймақтық, республикалық басылымдар да очерктері жариялана бастады. 1970 жылы республикалық теле-радионың Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі, қазақ телевизиясының насихат редакциясында редактор қызметін атқара жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды.

Оның «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкі-грамма», «Жалмауыз», «Құйын», «Ақмылтық», «Жегі» сатиралық кітаптары, барлығы 40-тан астам еңбегі жарық көрді.

Табыл Құлыясовтың қазақ телеарнасының ұлт жаршысына айналуына үлес қосқан еңбегі үлкен.

«Қоғамның ащы шындығын сатира қарумен әшкерелеуге бағытталған «Жебе» сатиралық хабарға ол уақытта қатаң цензура салынатын. Оған қарамастан бірқатар қатар заңбұзушыларды анықтап, бұқараға жария еттік. Қазір сатиралық «Жебені» енгізудің уақыты келді. Өйткені халықты ұялту керек», - дейді журналист.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу