Ұлттық арна ардагерлері Қажы Қорғанұлы мен Клара Қорғанова «Таңшолпанда» қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна ардагерлері Қажы Қорғанұлы мен Клара Қорғанова «Таңшолпанда» қонақта болды

07.02.2018

Биыл қазақ телевизиясына – 60 жыл. Осыған орай студияға телевизия ардагерлері ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қажы Қорғанұлы мен режиссер Клара Қорғанова қонаққа келді. Бағдарлама қонақтары телевизияда қызмет жасап жүрген кездеріндегі қызықты оқиғалармен бөлісті.

«Журналист боламын деп ойламадым. Әртіс ағаларыма қарап, әртіс боламын деп еліктедім. Ол кезде телевизия жоқ еді. Сөйтіп жүргенде Ақтөбеде телевизия ашылды. Мәдени ағартушы училищесін бітірдім. Ол менің диктор болуыма көп пайдасын тигізді. Ұстаздарым жақсы болды. Ауылшаруашылығы саласының комментаторы болдым. Қазақстанды көп араладым», - дейді Қажы Қорғанұлы.

«Біздің кезде қазіргідей техника болмады. Көбінесе тікелей эфирге шығатынбыз. Әртүрлі редакцияларда жұмыс істедім. Оның ішінде музыкалық редакция, әдеби редакция. Бүгінгі белгілі ақын, жазушылар біздің әдеби редакцияда қызмет жасаған», - дейді Клара Қорғанова.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу