Қостанай облысында 11 ғылым докторы шыққан мектеп бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 11 ғылым докторы шыққан мектеп бар

06.11.2019

Қазақстанның өзге өңірлеріндегі кез келген білім ошағы мұндай жетістігімен мақтана алмайды. Сарыкөл ауданындағы Қараоба мектебінің ұжымымен кездесуінде ардагер журналист Қажы Қорғанұлы осылай деді. 

Атап айтқанда, мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаров, академик Өмірзақ Сұлтанғазин тәрізді танымал тұлғалар осы жерден түлеп ұшқан. Қаламгер кездесуде олардың ел үшін атқарған қызметі мен өмірі жайлы әңгімеледі. Қажы Қорғанұлы облыс аумағындағы мектептердің шежіресін баяндайтын кітап шығарған болатын. Жинақ «Қалдырған ізің мәңгілік» деп аталады. Автор осы еңбегінің бірнеше данасын мектеп ұжымына табыстады.  

Қажы Қорғанұлы, ардагер журналист:

310 мектептің шежіресі осы кітапта жазылған. Яғни, алғашқы ұстаздар, мектеп басшылары. Мектебіміздің мақтанышы деген тарауда 50-ден астам сұңғыла, ғұламаларымыздың есімдері бар. 

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу