1-шілдеден бастап полиция қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1-шілдеден бастап полиция қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі

23.06.2017

Бүгін елімізде қос бірдей мереке. Қазақстанның Ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл және Полиция күні. Осыған орай бүгін Мемлекет басшысы ерлігімен елге танылған, үздік атанған полицейлермен кездесті. Оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев тәртіп сақшыларының ел үшін атқарған ерен еңбектерін жоғары бағалап, қылмыстың азаюына қосып келе жатқан үлестері үшін алғыс айтты. Халықтың қауіпсіздігі үшін атқарып жатқан жұмыстарын да жоғары бағалады.

Жиын барысында шілденің 1-нен бастап полицейлердің жалақысы 25 пайызға өсетіні белгілі болды. Бұл қуанышты жаңалықтан бөлек, Мемлекет басшысы бірнеше адамды «Айбын-1», «Айбын-2» ордендерімен және «Ерен ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, Құрмет грамоталарын тапсырды.

Хабарламаларға жазылу