1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өседі

13.06.2023

1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өседі. Мұны Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты.

Төрт жыл ішінде арнайы техникаларды жаңартуға, өртті ерте анықтау жүйесін орнатуға қаражат бөлінбек.

Бүгінде табиғатты қорғау қызметкерлерінің еңбекақылары республика бойынша ең төмен. Тиісінше кадр тапшылығы да бар. Орман шаруашылықтарын материалдық қамту мәселесі Үкіметте көтерілген болатын. 

Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу