Ақтөбелік ардагерлерге пәтер кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік ардагерлерге пәтер кілті табысталды

07.05.2014
Ақтөбелік ардагерлерге пәтер кілті табысталды
 
Отан қорғаушылар күніне орай Ақтөбеде ІІ Дүниежүзілік соғыстың үш ардагері, қайтыс болған тағы үш ардагердің жесірлері мен үй кезегін күте алмай дүниеден өткен екі майдангердің отбасына пәтер берілді.
 
Сөйтіп, 8 шаңырақ қоныс тойын тойлайтын болды. Сондай-ақ, облыс орталығында «Ел қорғаны - Қарулы күштер» атты мерекелік шара өтті.
 
Ақтөбе әскери гарнизонының үрмелі оркестрі өнер көрсетіп, облыс басшылығы бейбіт күннің Отан қорғаушыларына қызметтік көліктер тапсырды. Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті бөлімшелеріне 50 автокөлік берілді.
 
Жақсылық Нысаналин, ІІД кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары:
Бұл автокөліктер Ішкі істер департаментінің бөліністері мен жергілікті жерлердегі учаскелік полиция инспекторларына, криминалдық полиция бөлімшелеріне беріліп отыр.
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу