Олардың барлығы қазақтың ақ дастарханынан дәм татты. Мерекені бірге атап өтуге келген меймандар барша Қазақстандықтарды мейрамдарымен құттықтап, ел қорғанысының берік болуын тіледі.
Дженгиз Эргенеман, «Аселсан» акционерлік қоғамы әскери-өндіріс кешенінің бас директоры:
«Аселсан» ұйымы қазір Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Біз бірігіп, әскери өнімдер өндіреміз. Қазақ елі бізге өте жақын. Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Кез келген мемлекеттің басты міндеті - ел тыныштығын қадағалау. Ел қамы, қауіпсіздігі деп жүрген азаматтарымыз аман болсын.
Бақытжан ОМАРОВ