Түркиядан Қазақстанды қолдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядан Қазақстанды қолдау

01.03.2022

Қаңтардағы қиын күндерде, елдігіміз сынға түскен сәтте әлемнің әр түкпірінде жүрген қандастарымыз бен шетелдердегі елшіліктеріміз, сондай ақ қарапайым қазақстандықтар қолдарынан келген көмекті аямады. Елге шын жанашыр екендіктерін көрсетті. Осы оқиғалардың кесірінен мыңдаған отандасымыз шет мемлекеттерде қалып қойған еді. Олардың басым бөлігі Түркияда болды. Бір ғана Ыстамбұлда 1000-нан аса жолаушы кері орала алмай, қиын жағдайға түсті. Осыған байланысты Түркиядағы елшілік пен консулдық жедел штаб құрып, азаматтарымызға жан-жақты көмек көрсетті. Тегін жатын орын мен ыстық тамақ ұйымдастырды. Сондай-ақ Қазақстандағы банк жүйесі бірнеше күн істемей қалуына байланысты қаражатсыз қалған 75 адамға Ыстамбулдағы консулдықтың көмегімен билет алынып берілді.

Хабарламаларға жазылу