Бүгін бір топ астаналық ардагер баспаналы болды. Жеңіс күні қарсаңында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов оларға жаңа пәтер кілтін табыстады. Әкім қарияларды келе жатқан қос мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық пен баянды бақыт тіледі. Мереке қарсаңында үйлі болған ардагерлер де қуанышын жасырмады. Алғыс айтып, ақ батасын жаудырды.
Нұрмахан Алпысбаев, соғыс ардагері:
Е, Құдайым оңдасын, әруақтар қолдасын. Деніміз сау болсын, еліміз аман болсын. Ана шеті Алтай, мына шеті Атырау. Қазақстанның 20 миллион халқы бар. Соның абыройы, соның егесі болып жүре беріңдер.