Елордалық соғыс ардагері Алексей Васин 100 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық соғыс ардагері Алексей Васин 100 жасқа толды

05.05.2014
Елордалық соғыс ардагері Алексей Васин 100 жасқа толды
Жеңіс мерекесіне орай, астаналық Ішкі істер департаменті қызметкерлері елордалық соғыс ардагерлерін құттықтады.
 
Бүгін полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров  ұзақ жылдар бойы полицияда жұмыс істеген Алексей Васиннің үйіне барып, арнайы сыйлықтар табыс етті.
 
Соғысқа 22 жасында аттанған ардагер 1945 жылы  аман-есен оралып, Ішкі істер органында еңбек еткен. Биыл 100-ге толатын ақсақалдың кеудесі әскери медальға толы.
 
Алексей Васин, соғыс ардагері:
Біздің эшалон Молдавияға қарай бет алды. Ол кезде қиын-қыстау кез болатын. Біз Алматыға дейін тығылып барғанбыз. Пойыз станцияларға тоқтаған бойда біз де есікті жауып, бұғып отырып жасырынатынбыз. Солай әупірімдеп жеттік, әйтеуір. Сөйтіп, 22-маусым күні 22 жасымда соғысқа аттандым.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу