Қызылордада ел азамaттары 101 жастағы кейуанаға алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ел азамaттары 101 жастағы кейуанаға алғыс білдірді

01.03.2024

Қызылордада тыл және еңбек ардагері Күлмарам Қонысбаева жуырда 101 жасқа толды. Ел азаматтары ғасыр жасаған кейуананы көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, алғыс білдірді.

Жастайынан ерте еңбекке араласып, соғыс жылдарында талай ауыртпалықты көрген қарт ана бүгінгі күніне шүкіршілік айтады. Қос ғасырдың куәгері қазір әулетінің мәуелі бәйтерегі. Немере, шөбере мен шөпшек сүйген бақытты жан бүгінде 71 жастағы келінінің шарапатын көріп отыр.

Өрік Байдосова, келіні:

Енеміз мына кісі. Осы жүзден асып отыр. Құдайдың берген жасын жасап, үлкендікке жетіп отыр мінекей. Денсаулығы мықты болсын дейміз. Ауырмасын. Алғыстарыңызды айтып, ниеттеріңізді білдіріп жатырсыздар. Ризамыз.

Әділбек Жақанов

Хабарламаларға жазылу