Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен қазақ жауынгерінің зираты табылды
Сондай қазақ жауынгерінің бірі - санитарлық рота командирі Бимурзин Жұмабек Нұржауұлы болатын. Тынымсыз іздеудің арқасында туыстары Жұмабек Бимурзиннің Вечедегі «Бауырластар» зиратына жерленгенін анықтап, басына тас ескерткіш қойды.
Жұмабек Бимурзин - 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы медициналық институтын бітірген бойда соғысқа аттанып, небары 26 жасында Ресейдің Псков облысына қарасты Пушкиногор елді мекенінде ерлікпен көз жұмды.
Жұмаш Нұржауұлы, Жұмабек Нұржауұлының бауыры:
Ағамыздың топырағын сипап отырмыз, туған жерінің топырағын алып келдік. Әке-шешесі жете алмаған арманды күнге туыстары, бауырлары келіп отырмыз.
Бұл «Бауырластар» зиратында 4000-нан астам жауынгер жерленген. Күні бүгінге дейін туыстарын іздеп келіп жатқандардың қарасы көп. Жергілікті халық оларды құшақ жая қарсы алып, өздері көрген қасіретті жылдардың алыста қалғанына тәубе дейді.
Михаил Лаврено, Отан соғысының ардагері:
Баршаңызға Пушкин елінің ыстық сәлемін жолдаймын! Ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтаймын, 70 жылдық мерейтойға амандықпен жетулеріңізге тілектеспін!
Бүгінге дейін жарылғыш заттардан арылып болмаған ну орман бейбіт күннің қандай қиындықпен келгенін айтып тұрғандай. Небары екі жылдың ішінде Гвардия капитаны атанған Жұмабек Нұржауұлы көрмей кеткен жеңіс күнін бауырлары, ағалары жергілікті ардагерлермен атап өтуді өздерінің азаматтық борышы санайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05
Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
04.04.2026, 20:05