«Рухани жаңғыру» бағдарламасына - екі жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына - екі жыл

15.04.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына - екі жыл. Осыған орай Оралда жастарға арналған «Өркениет: JAIYQ SMART IDEAS CLUB» ашық алаңы ұйымдастырылды. Екі жылда бағдарлама аясында өңірде 252 бастама іске асқан. Ауыл-аймақта тарихи-өлкетану музейі, коворкинг орталықтар ашылды.

Атымтай жомарттар туған жеріне жаңа әлеуметтік ғимараттар тарту етті. Білімді, бастамашыл, креатив жастар да замандастарына үлгі болып, әр салада жаңалық енгізуге талпынып келеді. Сондай топжарғандар ашық алаңда бағдарламаның 6 басым бағыты бойынша ойларын ортаға салды. Бойға жігер, ойға салмақ салатын идеялармен бөлісті.

Тұрар Ғабдрашитұлы, тілші:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастардың санасын тағы бір сілкінткен сияқты. Өйткені, қазір елімізде біз секілді жалынды, дарынды жастарға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, озық ойың болсын. Егер сондай ойларың болса, оны жүзеге асыруға елімізде әр түрлі бағдарламалар бар іске асыруға көмектесетін.

 Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу