Елбасы «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісін қабылдады

20.11.2018

Кезінде 6 адаммен құрылған «Отырар сазы» оркестрінде бүгінде 66 музыкант қызмет атқарады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы міндеттерді орындауда фольклорлық-этнографиялық ұжымның рөлі ерекше. Бүгін осы оркестерге жетекшілік ететін Дінзухра Тілендиева Ақордаға арнайы шақыртылды. Еуропа төрінде өнер көрсетіп, халқымыздың музыкасын әлемге танытып жүрген ұжымға Президент алғысын білдірді. Сондай-ақ, Дінзухраға әкесі Нұрғиса Тілендиевтің ізін жалғап келе жатқаны үшін үлкен ризашылығын білдірді. Жас та болса бас болып жүрген оркестр жетекшісі елімізде ұлттық өнер саласын дамытуға зор мән беріліп отырғанын айтты. Сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан даму бағдарламаларын түгелдей қолдайтынын білдірді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу