Алматыда Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылық кеші өтті

24.04.2018

Алматыда қазақтың арқалы ақыны, Шыңғыс таудың тумасы Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылық кеші өтті.

Қазақ поэзиясына өзіндік түрен салып, ерекше құбылыс болып келген ақынның өлеңдері сахнада арнайы композициялармен орындалды. Ақынның әр жылдары жазған өлеңдерін аға буын өкілдері,  құрбы-құрдас замандастары және ізін басқан іні-бауырлары мәнерлеп оқыды. Ал, «Отырар сазы» оркестрінің өнерпаздары шайырдың сөзіне жазылған әндерден шашу шашты. 

Еркін Шүкіман, дәстүрлі әнші:

- Тыныштықбек ағаның поэзиясында күрделілік басым болғандықтан, қарапайым халық бірден ұғына қоймайды. Өйткені, бұл кісінің тереңдігі, поэзиядағы жаңашылдығы жөнінде көп жазылды.

Амангелді СЕЙІТХАН

 

Хабарламаларға жазылу