«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осымен екінші рет ұйымдастырылған байқауда оқушылар ұлттық спорттық ойындардан бақ сынады. Сондай-ақ, өрендер мәнерлеп өлең оқып, күй тартып, жыр-термені мақамына келтіре орындап, өнерлерін ортаға салды. Өңірде жас жеткіншектерге тәлім-тәрбие беріп жатқан 55 аула клубы жұмыс істейді. Мұнда 9 мыңға жуық оқушы бос уақытарын тиімді өткізеді.
Гүлназ Ұзақ, байқауға қатысушы:
- «Асыл сөз» үйірмесіне қатысамын. Ол жерде біз әр ақын-жазушының шығармаларымен танысып, мәнерлеп оқуға үйренеміз. Бүгінгі рухани жаңғыру бағытындағы шараға Оңайгүл Тұржанованың «Ақтау» өлеңін оқыдым. Өзіме сенімдімін. 1-орын аламын деп ойлаймын.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.