Рухани жаңғыру - тарихқа тағзым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру - тарихқа тағзым

30.05.2018

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастардың тарихты танып, халқымыздың өткен өмірін терең зерттеуге жол ашты. Бұл Алматыда бас қосқан тарихшылар мен саясаттанушылардың пікірі. Зиялылардың айтуынша, елдің жан байлығын дәріптеуге серпін берген бағдарламадан кейін өскелең ұрпақтың тарихқа бет бұрғанын аңғару қиын емес. Мұның жарқын көрінісі ретінде «Алаш арыстары және ашаршылық» атты ғылыми-тәжірибелік басқосуды келтіруге болады. Аталған бағдарлама аясында алматылық жастар тарихи тақырыпқа арналған ғылыми жиындарды жиі өткізіп, жан-жақты ізденісті қолға алды. 

Арман Серікұлы, ұйымдастырушы:

- Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осы сияқты тарихи ақтаңдақтардың бетін ашуға көптен-көп көмек болып отыр. Енді әрмен қарай да бұл бағдарлама жалғасып, біздің тарихымызды көтеру арқылы жастардың бойына үлкен патриоттық сезім береді деп ойлаймын.  Қазір жастардың арасында салт-дәстүрге, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық аңғарылады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу