Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Назарбаев білім және ғылым орталығы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Назарбаев білім және ғылым орталығы» ашылды

23.04.2018

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Назарбаев білім және ғылым орталығы» ашылды. Мұнда озық үлгіде жабдықталған Елбасы кітапханасы, «Достық» студенттік ассамблеясы және мұражай залы бар. Онда Президенттің өнегелі ғұмырынан сыр шертетін фотодеректер мен маңызды құжаттар қойылған. Мемлекет басшысының Тәуелсіздік тұғырын бекіту жолындағы еңбек жылнамасы да жинақталған. Алдағы уақытта орталық ғылыми жұмыстармен айналысып, білім-ғылым мен тәжірибені ұштастыратын орынға айналады. Осы орталықтың ашылуына орай, Наурыз мерекесі де тойланды.

Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- Наурыз мерекесі табиғаттың жаңғыруы, адамның саналық сезімінің жаңғыруы. Біз жастарымыздың санасына қызмет атқаруымыз керек.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу