Қазақстандық ғылыми басылымдар«Skopus» деректер базасына енбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғылыми басылымдар«Skopus» деректер базасына енбек

19.03.2019

Қазақстандық ғылыми басылымдар әлемдік деңгейдегі «Elsevier» баспа үйіне қарасты «Skopus» ғылыми базасына енбек. Бұл игі бастама Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен халықаралық семинарда айтылды. Аталған баспа үйі 1880 жылы Голландия астанасы Амстердамда ашылған.

Бүгінде оның Ұлыбритания, АҚШ, Бразилия, Түркия және Орталық Азия елдерінде бөлімшелері жұмыс істейді. Аталған компанияның ғылым, білім, технология, өнеркәсіп, денсаулық және ғылыми баспа саласында орны ерек. «Сол үшін «Elsevier» базасында отандық ғалымдар жазған мақалалардың жиі жариялануы ұлттық ғылымның деңгейі жоғары екендігін көрсетеді»,-дейді зерттеушілер.

Әлия Оспанова, «Elsevier» баспа үйінің өкілі:

- Қандай маңызды мақсаты бар? Біріншіден, ғалымдармен жұмыс істеу. Мақалаларды қалай дұрыс жазу керек екенін біз бүгін баяндаймыз.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу