Алматыда кітапханашылардың қалалық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кітапханашылардың қалалық форумы өтті

26.02.2018

Алматыда «Кітапхана кеңістігі: #медиа #мәдениет #оқу» атты кітапханашылардың қалалық форумы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шарада беделді мамандар кітапханалардың мәдени кеңістігі мен жастарды адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын талқылады. Себебі, кітап оқу арқылы жас ұрпақтың санасына мәдени құндылықтарды сіңіруде кітапхананың үлесі зор. Сонымен қатар, форумға жиналғандар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу маңыздылығына да айрықша тоқталды. 

Ғазиза Құдайберген, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы:

- Жастарды кітап оқуға тарту мақсатында өткізіліп жатқан форум. Енді кітап оқу бойынша ірі елдердің қатарына енетін мақсат қойып отырмыз. 

 

Руслан ҚОСАНОВ

Хабарламаларға жазылу