Басты Жаңалықтар Алматыда инвесторлар форумы өтті

Алматыда инвесторлар форумы өтті

Алматының Медеу ауданында инвесторлардың қаржысымен 1965 жылға дейін салынған 28 ескі үй бұзылып, орнына жаңа үйлер тұрғызылмақ. Бұл туралы бүгін аудандық инвесторлар форумында айтылды. Сондай-ақ, биыл жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын 25 көше күрделі жөндеуден өткізілген. Одан бөлек, 120-ға жуық ауладағы ойын алаңқайлары жаңартылған. Ауданда инвесторларды игілікті істерге тарту үшін инфрақұрылымды дамытып, әлеуметтік және коммуникациялық жүйелерді жаңарту жұмыстары жалғаса бермек.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Бөлісу