Алматыда кітапханашылар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кітапханашылар форумы өтті

26.11.2021

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты кітапханашылар форумы өтті. Шараға республиканың әр аймағынан жиналған жетекші мамандар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында бас қосқандар кітапханалардың қайта жаңғыртудан өткеннен кейінгі жұмыстарымен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ болашаққа арналған даму перспективалары, қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен пайдаланушылар санын арттыруға бағытталған жұмыстар талқыланды.

Қазір шаһарда 16 кітапхана заманауи үлгіде жаңартылып жатыр. Мұнда келушілерге барлық мүмкіндік жасалды дейді ұйымдастырушылар.

Роза Қасымбекқызы, қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:

Бүгінгі форумның мақсаты – Алматы қаласы осы 30 жылда қандай жетістікке жетті? Сол жетістіктермізді келген қонақтарға, қазақстандықтарға көрсету керек. Еліміз көркейе берсін. Тәуелсіздіктің арқасында көк туымыз желбірей берсін!


Хабарламаларға жазылу