«100 жаңа есім» жобасының кейіпкерлері ел арасында насихатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа есім» жобасының кейіпкерлері ел арасында насихатталады

05.12.2017

Елбасы ұсынған «100 жаңа есім» жобасының кейіпкерлері анықталғанын бұған дейін айтқанбыз. Енді сол тұлғалар ел арасында барынша насихатталмақ. Бұл туралы бүгін Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Айта кетейік, «100 жаңа есімге» халықтың қалауымен әртүрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар таңдалған. Енді алдағы уақытта сол есімдердің өмір жолы, еңбегі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында барынша баяндалып, насихат жұмыстары күшейтілмек. Ондағы мақсат – жастарға үлгі-өнеге көрсету. Жиын барысында «Рухани жаңғыру» тақырыбы да қамтылып, талқыланды.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу