«Таңшолпан». Дархан Жазықбаев: Әр адам қоғамның ішкі дүниесіне араласуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Дархан Жазықбаев: Әр адам қоғамның ішкі дүниесіне араласуы керек

16.11.2017

Философия ғылымдарының кандидаты Дархан Жазықбаев студия қонағы болып, қоғамдық сана, рухани жаңғыру жайлы әңгіме өрбітті.

«Қазір халықпен бірігіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жан-жақты пысықтап жатырмыз. 26 жылда тарихымыз, ұлттық санамыз қалыптасты. Ендігі қоғамға қажет нәрсе – азаматтық сана. Яғни, рухани құндылықтарымызды түгендеу. Қоғам екі жақты. Бірі рухани құндылықтарды іздесе, екіншісі материалдық құндылықтарды дәріптейді.

Рухани және материалдық құндылықты біріктіретін - азаматтық сана, жауапкершілік. Сондықтан қоғамдағы екі топты біріктіріп, азаматтық сананы жаңғырту керек. Азаматтық санадан елдік сана пайда болады. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда билік жақсы жұмыс істеп жатыр.

Бізге жетпей жатқаны рухани құндылықтар. Әр дәуірдің жақсы кезеңдері болады. Кеңес одағынан қалып қойған бір дүние – Үкімет бізге не береді деген ой. Қазіргі нарық заманында әркім өзі күн көреді. Әр адам өзі еңбектеніп, қоғамның ішкі дүниесіне араласуы керек. Сол кезде ғана деңгейіміз көтеріледі», - дейді Дархан Медеғалиұлы.

Хабарламаларға жазылу