Атауы жаңарған партияның қызметі де жанданады - Мәжіліс депутаттары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атауы жаңарған партияның қызметі де жанданады - Мәжіліс депутаттары

01.03.2022

Атауы жаңарған партияның қызметі де жанданады. Қоғам соны талап етіп отыр. Саяси ұйымның өткен жолы сараланып, алдағы уақытта халық аманатын абыроймен атқаруы керек. Мәжіліс депутаттары сондай жауапкершілікті көтеруге әзірміз дейді.

Мәлік Құлшар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қасіреттің қаңтардың әсері, қоғамның өзгеруі. Қазір қоғам партияның өзгеруін талап етуде деп айта аламыз. Кеше ғана біз аймақтарға барып келдік. Біздің партиямыздың атауын кейбір жерде теріс қабылдау бар. Оған деген қарсылық бар. Енді осы «Аманат» партиямызбен елге қызмет етуіміз керек деп есептеймін мен. Біздің атымыз ғана өзгеріп қоймай, затымызда өзгеру керек.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Төс белгіні ауыстыру ғана емес, логотипті ауыстыру емес. Ол адамның санасында өзгеріс болу керек. Соны депутаттар бірінші өздерінен бастау керек қой. Халықпен тіл табысуға, мұңын тыңдауға ешқашан қорқудың да қажеті жоқ. Билікке жеткізіп, қоғамның арасындағы халықпен жақсы көпір орнау керек деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу