Жуырда Ұлттық арна көрермендеріне «Keiki mеrgen» телехикаясы ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуырда Ұлттық арна көрермендеріне «Keiki mеrgen» телехикаясы ұсынылады

15.11.2018

Телехикаяға саундтрек жазған әнші Ұшқын Жамалбек, негізгі рөлдерді сомдаған актриса Жанерке Дүйсенбиева, актер Дархан Сүлейменов студия қонағы болды.

 

Дархан Сүлейменов:

Кейкі батырдың шын аты Нұрмағанбет Көкембайұлы. Ол жастайынан аңшылықпен айналысып, жалғыз жүруді ұнатқан. Тәкаппар, мерген, кейкі батыр болған деседі. Мінезіне қарап халық арасында Кейкі мерген деп атап кеткен. Ол әділеттік үшін күрескен жан. Мықты болғаны соншалық адамдар одан қорқатын болған.

Тарихи тұлғаларды ойнау – үлкен жауапкершілік. Бастапқыда біраз қорықтым. Оның ішкі жан дүниесіне көп үңілдім. Ол батыр боламын деп батыр болған жоқ. Уақыт талабына сәйкес, әділеттік үшін бар жанын салған адам. Халық бағасын беріп жатар.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу