Жас өнертапқыштар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған мобильді қосымша құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас өнертапқыштар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған мобильді қосымша құрастырды

09.11.2017

Алматы облысында жас өнертапқыштар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арнап, мобильді қосымша құрастырды. Жаңа жобаны Сүлеймен Демирель университетінің 3-курс студенттері ойлап тапты. Бұл қосымшаға еліміздің сакралды жерлері туралы мағлұматтар енгізілген. Бағдарлама белгілі бір нысан туралы ақпарат беріп қана қоймай, оған барар жолды сызып көрсетеді. Қазіргі таңда қосымшаға бір ғана Алматы облысының 36 тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштері туралы мәліметтер жинақталған. Алдағы уақытта бүкіл Қазақстанның сакралды жерлері туралы ақпараттармен толықтырылатын болады. IT мамандары қосымшаны ISO және Android платформаларына лайықты етіп құрастырған.

Бахтияр Рахматоллаев, жоба жетекшісі:

 - Егер қосымшаны Қазақстан аумағынан тыс жерде қолданушылар табылып жатса, біз ол жағын да қарастырып қойдық. Бағдарлама 3 тілде жұмыс істейтін болады. Ол -  қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Аударма жұмыстарымен университеттің филология факультеті айналысып жатыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу