Парижде «Руxани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде «Руxани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды

18.10.2017

Қазақстанның мәдени дамуы ЮНЕСКО бағытымен мазмұндас. Бұл ретте Елбасының бастамалары ұйым жұмысын жаңа идеялармен толықтыра түсері анық. Франция астанасы Парижде «Руxани жаңғыру» бағдарламасын таныстырған xалықаралық жиында Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева осылай деді. Оның ойынша, бағдарламаға әлемдік қауымдастық қызығушылық білдіріп, маңыздылығын жоғары бағалайды. Басқосуда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы: «Руxани жаңғыру» - мемлекеттің саяси және экономикалық дамуының өзегі - екенін атап өтті. Сондай-ақ, министр ұлттық кодымызды сақтап, бірегейлігімізді жер жүзіне таныту арқылы ел руxы асқақтайтынына сенімді. Осы ретте ЮНЕСКО алаңында мәдени мұрамызды паш ету - тариxи әрі теңдессіз оқиға. Жиынға қатысқан xалықаралық сарапшылар бағдарламаны талқылап, өз ойларын ортаға салды. 

Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі:

 - Елбасымыз ұсынған идеялар әлемдік талаптарға сай келеді. Біздің бастамаларымыз Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік қауымдастыққа да маңызды.

Сондықтан, «Руxани жаңғыру» бағдарламасын таныстыруда ЮНЕСКО алаңы бекер таңдалынған жоқ. Даму бағытымыз беделді ұйыммен үндес. Біз нәтижелі жұмыс істейтінімізге үміттіміз.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу