Қазақстанда Туризм департаменті құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Туризм департаменті құрылады

19.08.2014
Қазақстанда Туризм департаменті құрылады

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті болып құрылады.

Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, kapital.kz порталы хабарлайды.

Мұндай өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен тиімділігін  арттыру, мемлекеттік аппарат қызметін оңтайландыру мақсатында қолға алынуда. 

Комитет төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, қазіргі уақыттағы қайта құрылымдау кезеңінде туризмді дамыту бойынша жоспарлар мен тапсырмаларды орындау жалғасады.

Хабарламаларға жазылу