Маңғыстауда әскерилер теңізде жүзуге машықтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда әскерилер теңізде жүзуге машықтанды

12.08.2022

Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерлері Каспийде БТР-мен жүзуге машықтанып жатыр. 100-ден астам жауынгер бұған дейін арнайы дайындықтан өткен. Десе де арнайы әскери тапсырмаларды орындау кезінде әр экипаждың іс-әрекеті қатаң бақылануы тиіс. Олардың қауіпсіздігін жүрдек катердегі жүзгіштер командасы қамтамасыз етпек. Әскери жаттығулар 8 күнге созылады

Нұрдос Болатқазин, №25744 Теңіз жаяу әскерлері бригадасының механик-жүргізушісі:

Бүгін бұрын тек құрлықта ғана жүрген БТР-82 бронды транспортері теңіз бетімен жүзуге шықты. Біз осылайша өзіміздің нағыз теңіз жаяу әскері екенімізді дәлелдейміз. Ешқандай қорқынышсыз теңіз бетіне шығып отырмыз. Өзіміздің елімізді қорғауға әрқашан дайынбыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу